ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалдық бәсекені жеңіспен аяқтады деп жазады Olympic.kz.

Қайсанов ширек финалда египеттік Амир Реда Хуйсейнмен кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі.

Белдесу Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге жоспарланған.