Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.