Балалар вакциналары туралы ақпарат беретін Egu.kz бірыңғай ресми ресурс іске қосылды

Қазақстанда алғаш рет Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған Egu.kz бірыңғай ресми ресурс іске қосылды. 

Сайт ЮНИСЕФ Қазақстан мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің иммундау жүйесін күшейту жөніндегі бірлескен бағдарламасы шеңберінде әзірленген.

Ресми ресурста Вакцинация күнтізбесі, Вакцинация орталықтары, Вакциналар мен аурулар, мифтер, Сұрақтар мен жауаптар сияқты айдарлар бар.