Жалған хабарлама жасағандардың 88 пайызы жұмыссыздар

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша Медициналық мекемелерде дыбыстық, бейне жазба жүргізугіе қойылған шектеу алынды. «Бас санитар дәрігердің № 38 қаулысындағы 3-тармақты 2) тармақшасы алып тасталсын», - деп жазылған жаңа қаулыда. №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу қойылатыны а жазылған еді.

*****

Бір апта ішінде ел аумағында 3 190 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

*****

Статистикаға сәйкес, жалған хабарлама жасағандардың 88 пайызы жұмыссыздар. Бұл туралы «Терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламаларды анықтау және тергеу, сондай-ақ олардың алдын алу» тақырыбында өткен брифингте ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев айтты.

*****

Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 7 млн 300 мың 062 адам, 2 - ші компонентін 6 млн 161 мың 154 адам салдырды. Ақпарартты Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 438 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 862 мыңға жетті. Сонымен қатар 2 944 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 790 мың 394 адам қауіпті індеттен емделіп, сауығып шықты.

*****

Елімізде 70 мың 290 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Бұл туралы ДСМ хабарлады. Олардың ішінде 13 333 пациент стационарда, 56 957 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 051 адамның жағдайы ауыр, 278 пациент нашар жатыр, 143 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Бүгін шыққан ақпарат бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.