Желаяқтардан Тәуелсіздікке тарту

Қазақстандық марафоншылар Нұрсұлтан Бірлік пен Олжас Кәкімжанов «Семей-Павлодар» бағытында ультрамарафон ұйымдастырды. Қос желаяқ бұл бастамасын егемендіктің 30 жылдығына арнаған. Марафоншылар 330 шақырымды 45 сағат 10 минутта бағындырып, ел рекордын жаңартып, елордаға табан тіреді.

Желаяқтарды қала әкімдігі марапаттады. Жігіттер Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Екі желаяқ та Павлодар облысының тұрғындары. Нұрсұлтан Бірлік Павлодар облысы Баянауыл ауданында дәрігер-реабилитолог болып еңбек етеді. Ал Олжас Кәкімжанов дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

Айта кету керек, желаяқтар бірер күн бұрын Қазақ радиосының "Армандастар" хабарында қонақта болды.