Мемлекет басшысы Қазақ радиосын 100 жылдық мерейтоймен құттықтады

Мемлекет басшысының құттықтауын салтанатты жиында вице-премьер Ералы Тоғжанов жеткізді.

«Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы. Радио алғаш құрылған күннен бастап ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Қазір де Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге сүбелі үлес қосуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келген бүгінгі мерейтойдың орын бөлек. Биылдан бастап 1-ші қазан «Радио күні» болып бекітілді. Мұның өзі бұл саланың ақпарат айдынындағы рөлі ерекше екенін аңғартады. Қазақ радиосы келешекте де мағыналы әрі мазмұнды хабарларымен ұлттың жадын жаңғыртып, мемлекетімізді нығайтуға атсалыса береді деп сенемін» делінген Президент құттықтауында.