Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданында 48 гектар орман оталмақ

12 00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берді. Бүгін осындай жобалардың бірқатары Үкіметте талқыланды. Бұл міндеттерді қаржыландыру бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар есебінен жүргізіледі. Отырыс барысында тиісті Үкімет қаулыларына дауыс беріліп, бекітілді. Премьер-Министр Асқар Мамин ұлттық жобалардың жалпыұлттық басымдықтарды, Ұлттық даму жоспарын және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру үшін әзірленгенінін айтты.

*****

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын таныстырды. Құжат базалық қызметтерге тең қолжетімділікті және еліміздің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте елімізде даму әлеуеті бар 3 жарым мыңнан астам ауыл жаңғыртылады,-дейді Әсет Ерғалиев.

*****

Ал, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын ұсынды. Құжат аясында саладағы еңбек өнімділігі 2,5 есе өсіп, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 2 есеге ұлғайтылады. Және 7 ірі экожүйе қалыптастыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысы артады,-дейді Ербол Қарашөкеев.

*****

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. Әкімнің айтуынша, қабылданған жүйелі шаралар мен халықты вакциналаудың арқасында дерттің апталық көрсеткіші төмендеді. Қазір Алматы халқының иммундық қабаты шамамен 53 пайыз болды. Ауырғандардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде соңғы 2 аптада 20-39 жас аралығындағы неғұрлым белсенді азаматтар арасында сырқаттану өсуі байқалады. Оқушылар арасында ауру жұқтыру жағдайлары керісінше азайған. Оффлайн оқудағы балалардың науқастануы онлайн оқуға қарағанда 10 есе төмен.

*****

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданында 48 гектар орман оталмақ. Алқап қалайы өндірісімен айналысатын отандық компанияға ұзақ мерзімге жалға берілген. 18 жыл бойы зерттелген «Сырымбет» кен орны қалайы өндіретін еліміздегі жалғыз өндіріс ошағы саналады әрі Орталық Азиядағы ең ірі кен орны. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, өндірісті арттыру үшін орманды отаудан басқа жол жоқ. Кейін 600 жұмыс орнын ашу көзделген. Ал, компания екі есе көп ағаш егуге міндетелді. Осы жоба табысты іске асырылатын болса – Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушілердің ондығына енеді. Айта өтейік, бұл аумақ «Имантау-Шалқар» курорттық аймағына кірмейді.