«Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссияның соңғы отырысында қандай мәселелер талқыланды?

«Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссияның соңғы отырысында не мәселе айтылды? Қандай шешім қабылданды? Комиссия отырысында Қоғам басшылығының қандастардың Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру механизмін оңтайландыру туралы ұсынысына қатысты нақты шешім қабылданды ма? Қазақстандағы репатрианттардың қос азаматтығы мәселесі қалай шешілмек? Солтүстік Қазақстан облысындағы қандастарды орналастырудың өзекті мәселелері шешімін қашан табады? Бүгінгі «Қандастар» хабарында осы және басқа да сауалдарға жауап ізделді.

Хабарға «Отандастар Қоры» КЕАҚ Ақпараттық талдау департаментінің директоры Нұрхан Бұхарбайұлы Жәлиев қатысты.

Жүргізуші: Зейін Әліпбек.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.