Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін тапсырады

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін тапсырады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны Президент басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады",- деп жазды Айдос Үкібай.