Мемлекет басшысы Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады

25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында. 

«Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған» деп жазылған хабарламада.