Ана тілімізге деген сенім күшейе түсті

Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе бар. Оның бірі Көші-қон, демографиялық өсім мәселесі болса, екіншісі Мемлекеттік тіл мәселесі. Десек те, дәл осы екі мәселені бөліп қарастыруға әсте болмас, себебі екеуі де бүгінгі қазаққа қажетті құндылық. 

Бүгін Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы өтті. Аталған құрылтай еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған делегаттардың басын қосты.

Ауқымды шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Парламент депутаттары қатысты.

Жиынның күн тәртібі қандай болды? Нендей өзекті мәселелер талқыланды? Болашақта туған тілдің өркендеуі үшін қабылданған шешімдердің әсері қандай болмақ? Біз өз кезегімізде осы шараға қатысып, маңызды кездесудің куәсі болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі Қазыбек Иса ағамызға телефонмен хабарласып, пікір білдіруін сұраған едік.

Сұхбаттың толық нұсқасы үнтаспада.

Сұхбаттасқан журналист Алмас Байдрахман.


Сұхбаттасқан Алмас Байдрахман.