Бердібек Сапарбаев Қазақ радиосының 100 жылдығымен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Ғасыр құрдасы – Қазақ радиосының 100 жылдығымен құттықтады.

Облыс әкімі Қарашаңыраққа арнайы келіп, радио ұжымын мерейтоймен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. 


Радио ардагерлерімен кездесу барысында Бердібек Машбекұлы Қазақ радиосының ұлт руханиятына, ана тілімізді дәріптеуге, халық санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан, еліміздегі заман талабына сай қалыптасқан іргелі ақпарат құралының бірі де бірегейі екенін атап, радиода ұзақ жыл қызмет еткен ардагерлеріміздің еңбегі – өлшеусіз екенін айтты.


Сонымен қатар, алдағы уақытта Әкімдіктің Қазақ радиосымен шығармашылық байланысты дамытып, бірлескен жобалар жасауды жоспарлайтынын жеткізді.

Айта кетерлігі, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл облысының дамуы туралы» тақырыбында Баспасөз конференциясы өтті.