Жамбыл облысында дамудың оң динамикасы сақталып келеді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды тиімді іске асырудың арқасында биыл өңірде 11 айда экономиканың даму қарқыны 104,9 % құрады. Өңірдегі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«Экономиканың дамуы тартылған инвестицияға байланысты. Есепті кезеңде облыс экономикасына 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Нәтижесінде, кәсіпорындар 530 млрд теңгенің өнімін шығарды. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 1,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі – жұмыссыздар санын азайту. Облыста жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Келесі мәселе – бағаның өсуіне жол бермеу. Бюджетті игеру көрсеткіші – 98,9%», - деді әкім.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін берілген қаржы 99,9% игеріледі.