«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында БАҚ қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

«Үздік радиоматериал» аталымында І орынды Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы Салтанат Сәдібекова, ал ІІ орынды Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы Альмира Елімсарина иеленді.

Жүлдегерлерге бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін – 700 мың теңге және үшінші орынға – 500 мың теңгеден ақшалай сертификат табысталды.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз!