Үкімет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР-да тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

«Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады», — деді Ә. Смайылов.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.




Дереккөз: primeminister.kz