Мәулен Әшімбаев: Президентіміз айтқандай Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптестерін Жаңа Қазақстан идеясын іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

«Құрметті депутаттар! Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазір халық бізден нақты жұмыс пен нәтиже күтіп отыр. Сондықтан елдің сенімі мен үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етейік. Осы жолда бәріміз белсенділік танытып, Президентіміз айтқандай Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың отырысында.