Тергеу изоляторына дейін дене жарақатын алған 31 күдікті емделіп жатыр

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми мәлімдемесінде ем алып жатқан күдіктілер туралы айтылды.

«Бүгінгі таңда 31 күдікті емделуде. Олардың 29-ы Алматы, 1 адам Қызылорда, 1 адам Атырау қалалық ауруханасында емделуде. Олар дене жарақатын тергеу изоляторына келгенге дейін алған. Біз оларды қамауға алғанда анықтап тіркедік. Прокуратураға хабарладық», - деді  комитет төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.