Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті

98 жасқа қараған шағында Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері.

«Қазақрадиолары» ЖШС-і қаламгердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.