Инфляцияны төмендету шаралары әзірленді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

Еліміздің экономикалық дамуы саласындағы тапсырмаларды іске асыру туралы ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында биыл қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы жедел және жүйелі сипаттағы 140 тапсырма берді.

Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды. 32 тапсырма аяқталу сатысында. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыру, теңсіздікті азайту және жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы міндеттер аясында Ұлттық экономика министрлігіне 5 тапсырма бекітілді: