Кез келген қоғамның, мемлекеттің басты байлығы – адам және оның денсаулығы. Бұл ретте мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. 1998 жылдан салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары ашылып, кейіннен осы халықтың денсаулығын нығайту мақсатындағы бастамаларды жүзеге асыратын, «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» құрылды.
Орталықтың бүгінгі мақсаты: Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту және салауатты өмірге деген сауаттылықты нығайту. Міне, осында айтылғандай, халықтың саулығын арттырудағы істің нәтижесі қандай және кемшіл тұстары неде? Ол туралы «Әлеумет тынысы» хабарының төмендегі аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар.
Хабар қонағы: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілі Назарова Салтанат Әбдіқадірқызы.
Ал бағдарламаны жүргізген Салтанат Сәдібекқызы.