Ең нашар интернет Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты. «Қарағанды облысында ұсақ шоқылы жерлер бар, сондай-ақ оның бір бөлігі Ақтөбе облысын қамтыған. Бұл аумақтарда күрделі жер бедері болғандықтан, интернет тарту қиынға түседі. Дәл сондай мәселе Шығыс Қазақстан облысында да бар, бұл өңірде таулар арқылы интернет тартуда кедергілер болады»,- деді Асхат Оразбек. Осы орайда, ол бұл өңірлер мен шалғайдағы ауылдарға интернет геостационарлы емес, спутник байланысы арқылы қамтамасыз етілетінін жеткізді.
*****
Карантин талаптарын сақтамаған мегаполис мектептеріне 9,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері хабарлады. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінде COVID-19 бойынша шектеу іс-шараларын енгізу кезінде мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді. 166 тексеріс ұйымдастырылды. Оның 87– сі арнайы, 57– сі жоспардан тыс, 22– сі мониторинг топ құрамында тексеріс жүргізілді. *****
Нәтижесінде Алматы қаласының 3 мектебінде сабақтар арасындағы үзілістердің нормаланған ұзақтығы сақталмайтындығы, сыныптардағы жасанды жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, мектептерде жанып кеткен электр шамдары дер кезінде ауыстырылмайтын 19 мектеп анықталды. Сондай-ақ мектептерде дезинфекциялау режимін, үй-жайларды желдету кестесін бұзу және профилактикалық әрі эпидемияға қарсы іс-шаралардың басқа да бұзушылықтары анықталды. «Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен 9 млн 801 мың 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылды.*****
Қытай, Германия және Франция басшылары Украинадағы жағдайға байланысты бейнеконференция арқылы келіссөз өткізді. Тараптар Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған кез-келген келіссөзді қолдайтындарын айтты. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Германия канцлері Олаф Шольц пен Франция президенті Эммануэль Макронға Украинадағы ахуал алаңдатарлық екенін айтты. Сондықтан батыс елдерін барынша ұстамды болуға шақырды. Үш мемлекет басшысы гуманитарлық дәліздер құрудың маңыздылығын айтып, Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтату үшін барлық күш жігерін жұмсауға дайын екендерін жеткізді деп жазады 24.kz сайты.*****
Наурыздың 10-20 күндері аралығында Щучьеде биатлоннан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Азияның ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының спорт базасында Қазақстан, Моңғолия және Қырғыз елінен 100-ге жуық жасөспірімдер мен жастар бас қосады. «ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP» өткізілуінің басты мақсаттарының бірі- 2023 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындық. Сонымен қатар, Азияның ашық чемпионатында Қазақстан биатлоншылар одағы тарапынан спринт және жеке жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталады.*****
ШҚО-да наурыздың 10-13 күндері аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін деп жазады altaynews.kz. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының күрт өзгеруіне және желдің күшеюіне байланысты таулы аймақтарда қар көшкіні түсуі қаупі бар. Облыс тұрғындарын абай болуға, таулы аймақтарға бармау керектігін ескертеміз.- дейді ШҚО ТЖД-нің мамандары.