Қазақ елінің даму тарихында айналасына жанған шырақтай, айнымас темірқазықтай бет түзейтін небір асылдар өтті. Олардың бар мақсаты – ұлтын өркениетті елдердің қатарына қосу. Сондай тұлғалардың бірі – ұлт реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы.
Биыл ұлт руханиятының көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Бұл мерейтой тек қазақ елінің шеңберінде ғана емес, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Атаулы мерейтойды ұйымдастырушылардың бірі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Ұлт ұстазы» хабарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы, ақын Әділбек Қаба сұхбат берді. Сұхбатта мерейтойдың ұйымдастырылуы мен өтуі жайлы толық ақпарат алдық.
Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Толқын Сұлтан.
Дыбыс режиссері – Қайсар Ердеш.
Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.