2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады. Бұған, жаңадан 200 мектеп салу арқылы оқушылар орнының көбеюі мен білікті педагогтерді тарту жұмыстары ықпал етпек. Ол туралы ҚР БҒМ нің биылғы алқа отырысында айтылды. Осы және өзге де, қазақстандықтардың білім сапасын арттыруға бағытталған жобалар қандай? Осы негізде ұсынылып отырған «Жазғы мектептің» артықшылығы неде? Және 1 ші сыныпқа қабылдау үлгісі қалай жүргізілмек?
Ол туралы төмендегі «Әлеумет тынысы» хабарының аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар
Хабар қонағы-ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура СЕЙДУӘЛІҚЫЗЫ.
Хабарды жүргізген- Салтанат СӘДІБЕКҚЫЗЫ.