Алматы көшелерін су басуына байланысты жедел штаб құрылды

Алматыда көшелер мен жолдарды су басуына байланысты мәселені жою бойынша жедел штаб құрылды. Кеше жауған нөсер жаңбыр мен дауыл салдарынан қалада 19 ағаш құлаған. 

Қазгидромет бүгін және ертең нөсер жауын деп болжаған. Кешегі ауа райының қолайсыздығынан, қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан топырақ шайылып, ағаштардың түп тамыры босап, кейбірі құлаған. Алматы қалалық құтқару қызметі ағаштың құлауынан бір көлік пен бір үйдің зардап шеккенін жеткізді. Қолайсыз ауа райы салдарын жоюға аудан әкімдіктеріне қарасты мердігерлік ұйымдардың күші тартылып, Алматы қаласының құтқару қызметі де қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Алматыда көшелер мен жолдарды су басуына байланысты мәселені жою бойынша жедел штаб құрылды.





Дереккөз: qazaqstan.tv