Референдум өткізуге бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді

5 маусымда өтетін республикалық референдумда  11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Конституцияға өзгеріс енгізіледі. Егер бұл көрсеткішке қол жеткізілмесе, онда түзетулер қабылданбайды,-дейді бүгін өткен брифингте  ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

*****

Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есепті ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», - деді министр.

*****

Елде жылдық инфляция деңгейі артты. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша,  оған негізінен азық-түлік бағасының қымбаттауы әсер етіп отыр.

*****

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы үш айда елдегі құрылыс секторы 9,5%-ке өскенін айтты. Тұрғын үйді пайдалануға беруде  ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Алматы және Павлодар облыстарында байқалған.

*****

Ауылдық жерлерде мұғалімдердің саны азайып, қалаларда керісінше өсіп келе жатыр. Сонымен қатар елорда мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары екені анықталды. Мониторингке сәйкес,  білім саласындағы орташа айлық жалақы 2021 жылдың төртінші тоқсанында 219 мың теңге болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 24,2%-ға артық.  Өңірлік бөліністе саладағы ең жоғары жалақы елордада тіркелді - 344 мың теңге. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Алматы облысы да кірді. Ең төмен  жалақыны Батыс Қазақстан облысының  мұғалімдері алатыны белгілі болды.  Оның көлемі - 181 мың теңге,-деп жазады ranking.kz.