4 маусымда елордада Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді

Бұл туралы «Басты тақырып» хабарына берген сұхбатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді. Биыл Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл. Мерейтойлық датаға орай Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше іс-шара жоспарланған.
Айта кетейік, 1992 жылы 4 маусымда, тәуелсіздіктің 130-шы күні Ту мен елтаңба қабылданды. Ал, Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында беітілген болатын. Жыл сайын 4 маусым, рәміздер күніне орай түрлі іс-шаралардың өтетіні мәлім. Толығырақ эфирдің аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар...

Хабардың редакторы: Азамат Жомартұлы...