«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Медиамектебінің алғашқы кезеңі аяқталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның  телевизия мамандарына арналған Медиамектебінің алғашқы түлектеріне сертификат табыстады.

Отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған тұңғыш республикалық медиамектеп 2021 жылғы қараша айында жұмысын бастады. 7 ай мерзім аралығында медиамектепте қазақстандық ЖОО-ның журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақысыз негізде практикалық курстардан өтті.

Шарада «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның құрылымдарына қызметке және  кадрлық резервіне қабылданған түлектердің есімдері аталды. Медиамектептің 7 үздік түлегі еңбек жолын  Корпорацияға қарасты «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы және «Abai Tv» телеарнасынан бастайды.


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Медиамектебінің алғашқы кезеңі бойынша жұмысқа қабылданған түлектер:

Кадрлық резервке қабылданған түлектер:  

«Біздің мақсатымыз - тәжірибемен, біліммен бөлісу, қарашаңырақтағы кадрлар сабақтастығын жалғау. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телевизия мамандарына арналған медиамектебінің жұмысы тұрақты түрде жалғасатынын хабарлаймыз. Ірі медиақұрылым ретінде еңбекке енді араласатын жас мамандарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.