2025 жылға дейін 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады

Қырғызстан Президентінің «Ала-Арча» резиденциясы аумағындағы «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қырғызстан әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

*****

2025 жылға дейін 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Ірі бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтін 2,8 млн қызметкердің орташа жалақысы өседі. Бүгін Сенатта «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыруды талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай мәлім етті.
*****

Бүгін Парламент Сенатында Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификацияланды. «Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасымен Қырғызстан тарапынан әскери-техникалық көмек көрсету туралы сұрауын іске асыру мақсатында қол қойылды. Келісім бойынша әскери мүлік бір мәрте беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді» - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.