Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК басшыларына қатысты іс қозғалды

Қаңтар оқиғасына байланысты облыстық полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетті департаменттерінің басшыларына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығы Cерік Шалабаев айтты.

«Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастыруда. 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын қызметтік атыс қарулармен бірге тастағаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.