Зеленский: Елдің шығысындағы екі қалада шабуыл күшейді

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, елдің шығысындағы Северодонецк пен Лисичанск қалаларында шабуыл күшейген. Қиянкескі ұрыс жалғасып жатыр. Ресей Северодонецкінің «Азот» зауытынан басқа аудандарын бақылауға алған. Кәсіпорында украиналық сарбаздармен қоса жүздеген бейбіт тұрғын бар.

Ресми Киевтің мәлімдеуінше, қарулы қақтығыс басталғалы Ресей армиясымен шайқаста 10 мыңдай сарбаз қаза тауып, 30 мыңы жараланған.

Мәскеу Украина үшін соғысуға барып, қолға түскен екі америкалық азаматқа өлім жазасы кесілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Ешкім ешқандай кепіл бере алмайды, бәрі тергеуге байланысты», деп мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрын әскери қызметкері болған екі азамат Харковь түбінде тұтқынға түскен.




Дереккөз: qazaqstan.tv