Журналистер Одағы жыл сайынғы байқаудың нәтижесін жариялады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан Журналистер Одағы жылсайынғы байқаудың нәтижесін жариялады.
«Қазақстан» республикалық телеорадиокорпорациясы Балалар жылына орайластырылған Камал Смайылов атындағы сыйлықпен марапатталды. Арнайы жүлде Корпорация ұжымына Балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдер мен фильмдерді аудару және дыбыстау бойынша жоғары кәсіби қызметі үшін берілді.

2012 жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Marvel» және «Disney» компаниясының алтын және платина коллекциясынан 100-ге жуық туындыны аударып шықты. Бұл – ТМД елдері телеарналарының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен бірге Корпорацияға қарасты «Classic» радиосының журналисі Маргарита Киселева Балалар жылына арналған «Детский альбом П.И.Чайковского» хабары үшін конкурс лауреаты атанды.