1 шілдеден бастап Пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатады

1 шілдеден бастап еліміздің барлық аймағында Пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатып, оның орнына Мүлік иелерінің бірлестігіне толық көшу жоспарланған еді. Алайда бұл өзгеріс межеленген мерзімде іске аспауы мүмкін. Алдымен 1 жылға шегерілетіні жайлы хабарланса, кейін жауапты министрлік өкілдері бұл өзгеріске қатысты заңнамалық түзетулер әлі де талқыланатынын айтты.

"Пәтер иелері кооперативінен Мүлік иелерінің бірлестігіне көшу процесінің ұзаққа созылуына тұрғындардың өзі де кінәлі. Өйткені олар ұйымшылдық танытып, бір шешімге келе алмай отыр", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің өкілі Асылай Берікқызы.