Әлем чемпионатында ел құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті

Италияда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті.

⠀92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Камиль Куруглиев финалда венгриялық қарсыласын 11:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Бұл – Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы бесінші жүлдесі. Осыған дейін Дарын Әскербек алтын жүлде, Арсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстік қола жүлдеге ие болды.