Болат Мүрсәлім жаңа қызметке тағайындалды

Журналист Болат Мүрсәлім «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Бас редакторы қызметіне тағайындалды

«Болат Мүрсәлім қазақ телевизиясындағы тәжірибелі мамандардың бірі. Салада 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында өзіндік қолтаңбасы бар жас журналистер буынын тәрбиелеуге де атсалысты. БАҚ-тың түрлі саласындағы, жекеменшік телеарналардағы ұзақжылғы тәжірибесі Корпорация арналарының дамуына жаңа леп әкеледі деп сенім білдіремін», - деп атап өтті таныстыру кезінде Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Б.Мүрсәлім еңбек жолын 2001-2002 жылдары баспасөзде, кейінгі жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында тілші, жүршізуші, «КТК» телеарнасында сараптамашы, «31 арнада» Ақпараттық бағдарламалар директоры, «Қазақфильм» киностудиясында редактор қызметтерін атқарған.