Елордада 1700-ге жуық ақылы тұрақ орындары алынды

Елордада 1680 ақылы тұрақ орны демонтаждалды. Локациялар қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша "Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС-мен қайта қаралды. Осылайша, ақылы тұрақтар әлеуметтік және басқа объектілердің жанында орналасқан 55 жер учаскесінен алынып тасталды.

Мысалы, Сарыарқа ауданында 860 ақылы тұрақ орны, Алматы ауданында – 325, Байқоңыр ауданында – 107, Есіл ауданында 388 тұрақ орны жиналды.

Айта кету керек, ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер қала меншігінде. Жоба қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі, тұрақ орындарының тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, автомобиль трафигін реттейді, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді және т.б. Жобаның басты мақсаты – көшелердің өткізу қабілетін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.