Жолдарға диагностика жасау кепілдікті арттырады

Бүгінде елімізде 100 мың шақырымға жуық жол-торабы бар. оның 25 мың шақырымы республикалық маңызға ие. Жыл сайын мемлекет қаражатына жөнделіп жатқан жолдардың саны аз емес. Десек те, олардың бәріне бірдей диагностика жасала бермейді. Сондықтан сапаға келгенде ақсап жатамыз.

Бұл туралы «Жол-торап» хабарында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы"  республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Жолдар мен көпірлерді диагностикалау бөлімінің бастығы Бауыржан Жексенбеков мәлімдеді. Толығырақ эфирдің аудио нұсқасында...