Теннистен әлем чемпионатында жерлестеріміз ширек финалға шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) ширек финалына шықты. Бұл жайлы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. 

Жарыстың үшінші күні қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионы – Италия құрамасын жеңді. Ел спортшылары Даниэль Тазабеков, Заңғар Нұрланұлы қарсыластарын жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша, әлем чемпиондарын ұтқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік доданың ширек финалына шығып, үздік сегіз команданың қатарына енді.