Fly Arystan компаниясына айыппұл салынды

«Air Astana» әуе компаниясына рейсті кешіктіргені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» бөлімшесі Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсін 12 сағат 9 минутқа кешіктіргені анықталды. Ал жолаушыларға қонақ үй ұсыну қызметтері тиісінше ұсынылмаған. Осыған байланысты авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды»,-делінген хабарламада.