Жаз басталғалы елорда аумағында 6 адам суға кеткен

Бұл туралы «Басты тақырып» хабарында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы ауданы төтенше жағдайлар басқармасы инженері Әбіш Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша жаз мезгілі басталғаннан елорда аумағында 6 адам суға батып, құрбан болған. Оның төртеуі кәмілет жасқа толмаған бала болса, екеуі суға ішімдік ішіп түскен ересек адам. Сондықтан әрбір азамат бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтап, рұқсат етілген аумақта ғана суға түскені абзал. Толығырақ эфирдің аудио нұсқасында...