Шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-ыншы кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Құрамамыз еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс.

Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. Енді бірден 3-орынға көтерілді. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді.

28 шілдеде Үндістанның Ченнай қаласында басталған ш ахматшылардың 44-ші Олимпиадасы 10 тамызда аяқталады.