2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге артады

2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге артады. Бұл жайлы ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. 

Оның айтуынша, барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9%-ды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.  Сондай-ақ студенттердің стипендиясы да артып келеді. Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған.