Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады

Нұр-Сұлтанда соңғы үш жылда 34 мектеп салынды. Жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылмақ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті.

«Алдағы жаңа оқу жылында тағы 11 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша 20 мың оқушыға арналған білім ордалары ашылады. Мектепке деген қажеттілік бар екенін ескере келе, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оқу орындарының құрылысы айтарлықтай артты. Соңғы үш жылдың өзінде 34 мектеп салынды. Осылайша 70 мың оқушы орны ашылды», - деп жазды елорда әкімі.