Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Еске салсақ, осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.