Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болады?

    Жақында Мемлекет басшысының шешімімен Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінгенін баршамыз жақсы білеміз. Олар: Оқу-ағарту министрлігі сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі. Бүгін, «Басты тақырып» хабарында «Жаңа оқу жылына дайындық» деген тақырыпта сөз болды. Спикер: ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев.

    Спикердің айтуынша жаңа оқу жылының демалыс уақытында аздаған өзгеріс болады. Мәселен мектептерде сабақ дәстүрлі түрде 25-ші мамырда аяқталса, жаңа өзгеріске сәйкес 31-ші мамырда аяқталады. Яғни бұдан былай мектептердегі соңғы қоңырау да 31-ші мамырда соғылады. Толығырақ эфирдің аудио нұсқасында...