Биыл – «Балалар жылы». Адам құқықтары жөнінде сөз еткенде ең әуелі бала құқығы бірінші орында тұруы тиіс. Себебі, құқығы қорғалған, өз құқығын таптатпай, еркін өскен ұрпақ болашақта еркін ойлы азамат болып қалыптасады. Екіншіден, бала құқығын қорғай білген ел, адам құқығын да еркін игермек.
Қазақ радиосының тікелей әуе толқынынан берілетін «Әділет» хабары барысында "Адам құқығы – оның қадір-қасиеті" тақырыбында ой қозғалды. Студия қонағы – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.
Эльвира Әбілқасымқызы өзімен бірге "Қадір-қасиет" қоғамдық қорының мүшелерін ерте келді. Студияға келген оқушы жастар – Жандос Асқарұлы (8-сынып), Ибрахим Райымбеков (7-сынып), Інжу Тінәлі (11-сынып), Аяна Қанатқызы (10-сынып), Жансая Әлімхан да (9-сынып) адам құқығы және оның қадір-қасиеті жайлы ой қозғады.
Редактор-жүргізуші: Мәдина Махамбетқызы