25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы ережені қолдады.

Сондай-ақ депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады.


Енді құжатқа Президент қол қоюы керек.