7 жыл реформаларды табысты жүзеге асыруға жеткілікті уақыт – Әділ Сайлаубек

Конституциялық реформа бойынша алдағы кезектен тыс Президенттік сайлауда жеңіске жеткен кандидат бір реттік, 7 жыл мерзімге сайланады. Бұл реформалардың табысты жүзеге асуы үшін жеткілікті уақыт дейді саясаттанушы Әділ Сайлаубек Қазақ радиосына берген сұхбатында.