Шымкентте патрульдік полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Шымкентте патрульдік полиция полкінің қызметкері 120 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Оқиға кеше болған. Патрульдік полиция полкінің қызметкері қала аумағындағы жол-көлік оқиғасына қатысты азаматтан 120 мың теңге пара алу кезінде қолға түскен.

«Аталған жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп, аталған бағыттағы мәселелер қатаң бақылауда екенін хабарлаймыз», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Фото: acca.media