Бізде саяси мәдениет жоқ - саясаттанушы

«Ой-түйін» саяси-әлеуметтік ток-шоуында алдағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысты түйткілдер талқыланды. Саясаттанушы Бауыржан Серікбаевтың пікірінше, саяси партиялар сайлау алдында ғана емес, төрт-бес жыл бұрын дайындалу керек. «Ал халықтың саяси мәдениетін көтермей, азаматтық қоғам құрылмайды. Жаңа Қазақстанға ескі көзқараспен келу жарамайды», - дейді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев. Хабардың толық нұсқасы аудио/видеоматериалда.
Хабардың жүргізушілері: Азамат Жомартұлы және Жанболат Шәкім.