Теміржол тасымалының тиімділігін арттыру

Қазақ радиосының  тікелей эфирінде шығатын “Арнайы хабар” ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйектегі халыққа  Жолдауындағы Теміржол логистикасы мәселесіне арналды.

Халыққа түсіндіру мақсатында студияға "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали  мен халыкаралық логистикалық компанияның кеңесшісі, DBA докторы Нұрбол Жолдасбекұлы Нұрғалиев қатысты. Еліміздегі темір жолдағы тасымалдау логистикасы мен тасымалдау үрдісінің қатысушыларының техникалық және технологиялық үйлесуін қамтамасыз ету мақсатында, жоспарлаудың бірыңғай жүйелерін қолдану мәселесіне қатысты біраз ойлар айтылды. Президент жолдауда: «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады”,- деді. Осы тұрғыда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын әңгімелеген сүхбаттың толық нұсқасын,т өмендегі аудиотаспадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.